Кеше Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Ол салдырған CoronaVac вакцинасын Түркия Қытайдың Sinovac Biotech компаниясынан сатып алған. Елге вакцинаның 25–30 миллионға жуық дозасы жеткізілген.
– Біздің вакцинация бағдарламамыздың арқасында 254 мың медицина маманы вакцинаның бірінші дозасын алды. Мен де вакцина салдырттым, – деді мемлекет басшысы.