Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына сайланды.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа төрағаны жасырын дауыс арқылы сайлады. Дауыс беру барысында депутаттар аталған кандидатураға қолдау білдірді.
Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Мәжіліс төрағасы лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдады.