Атырау қаласында медициналық маска 15 теңгеден сатылады.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Диас Жәнібековтің мәліметінше, монополияға қарсы комплаенс жасалған.
– Монополияға қарсы комплаенс ашық сауда өткізу саясатын көздейді. Бұл – монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтың алдын алу, болдырмау жөніндегі тиімді құрал. Сондай-ақ, Атырауда медициналық маска шығаратын өндірістің ашылуы бағаны төмендетуге ықпал етті, – дейді Диас Жәнібек.
Осыған байланысты аталған департамент пен «Семейное здоровье» дәріханалар желісінің басшылары ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін ресми келісімшартқа қол қойды.
– Енді медициналық масканы Атырау қаласындағы Нұрсая, Авангард, Алмагүл ықшамаудандарында орналасқан «Семейное здоровье» дәріханасынан 15 теңгеге сатып алуға болады. Масканың мұндай төмен бағасы карантиндік шектеу шаралары алынғанға дейін сақталады, – дейді дәріханалар желісінің басшысы Сұңқар Мәлікұлы.