Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Ал Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, кей жерлерде жаяу сырма соғады. Күндіз -5 -10 (солтүстігінде -13), түнде -10 -15 (солтүстігінде -20).
– Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз қату құбылысының әлсіреуі күтіледі, – деп ескертті синоптиктер