Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай айтты.
⠀
– Сонымен қатар, 36 пәтерлік 3 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттары жасақталып, сараптамадан өткізілді. Тағы 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің жобасы жасақталуда. Есепті кезеңде 24 594 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, – деді Мұқаш Зұлхарнай.
⠀
Атап өтерлігі, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде көпбалалы отбасыларға 19 тұрғын үй сатып алынып, табысталды. 6 тұрғынға 6,5 млн. теңгенің тұрғын үй сертификаттары берілді.
⠀
Жалпы, бүгінде Махамбет ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 982 адам тұр.
Click To Comment