2020 жылдың қорытынды көрсеткіштеріне сүйенсек, Өзбекстаннан көшіп кеткендердің саны көшіп келгендерге қарағанда 12,5 мыңға көбейген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Мемлекеттік статистика комитетінің Өзбекстандағы көші-қон жағдайы туралы ақпаратында, 2020 жылы Өзбекстаннан 203,7 мың адам көшіп кеткен. Сонымен қатар 191,2 мың адам елге қоныс аударған. Пандемия жағдайында шекаралар ұзақ уақыт жабық болғанына…
Толығырақ »ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық шара ретінде Әзербайжан Республикасының аумағынан қызанақ алып келуге уақытша шектеу енгізді. Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық…
Толығырақ »Атырауда мемекеттік мекемеге тиесілі құжаттарды қоқысқа тастаған көліктің иесі анықталды. Аstana.tv-дің мәліметінше, 28 жастағы жергілікті тұрғын, құрылыс компаниясында көлік жүргізеді. Ол құжаттарды құрылыс қалдықтарымен бірге Әділет департаментінің қоқыс жәшігінен алғанын айтқан. Енді ол қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бабы бойынша, айыппұл төлеуге міндеттелді. Атырау облысы ПД Ішкі және…
Толығырақ »Ел тұрғындары 2020 жылы екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 890 келі, 21 099 алтын құйма сатып алған. Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jýsan Bank пен Банк ЦентрКредиттен, сондай-ақ, кейбір банктік емес айырбастау орындарынан сатып алуға немесе сатуға болады. 2020 жылы ел азаматтары…
Толығырақ »Бүгін Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Корея Республикасы арасында сотталған азаматтарды алмасу туралы шарт жобасын мақұлдады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. Соған сай, Қазақстанға қайтарылған адам Корея сотының үкімімен жазасын Отанында өтейтін болады. Егер екі елдің заңдарында сәйкессіздік туындаса, онда сот үкімі қайта қаралады. Алайда жазаның сипаты мен мерзімі Корея соты…
Толығырақ »Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады. Ал Атырау облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, кей жерлерде жаяу сырма соғады. Күндіз -5 -10 (солтүстігінде -13), түнде -10 -15 (солтүстігінде -20). – Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, оңтүстігіндегі…
Толығырақ »Атырау облысында өткен тәулікте 74 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 14-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 57 жұмысшы, Қызылқоға, Махамбет, Индер аудандарынан 1 адамнан тіркелген. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12- інде ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты. Қазіргі…
Толығырақ »Бүгін еліміздің барлық өңірінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталып, ақпанның 5-іне дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Республика бойынша барлығы 143 тестілеу өткізу пунктінде 1 230 аудитория жұмыс істеуде. Қаңтар айындағы ҰБТ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен өтіп, карантинге байланысты түлектер тестілеуді…
Толығырақ »ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсімдеушілер саны қаңтар айында күрт өскен. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдепті. Бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30%-ға көп. Бұндай өсім зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Атырау облысында…
Толығырақ »Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 14 қаңтар сағат 23:30 шамасында Исатай-Махамбет алаңында түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген 17 жастағы Қызылқоға ауданының тұрғыны анықталды. Тексеріс кезінде, аталған жасөспірімнің масаң күйде жүргендігі анықталып, Атырау қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Жасөспірім өз кінәсін мойындап, достарымен бірге сыра ішкендігін айтты. Және іс-әрекетіне…
Толығырақ »