Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты қала және аудан мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 1–4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан оқытуға көшіріледі. Сондай-ақ, балабақшаларда тәрбиеленушілерді уақытша қабылдамайды. Айта кетсек, 1–4 кезекші сыныптарда 25 мыңнан астам бала оқиды. Ауа райы түзелген жағдайда кезекші сыныптар және балабақшалар өз жұмыстарын штаттық режимге көшіру…
Толығырақ »Қазақстанда облыс және қала әкімдерін іші көрініп тұратын кабинеттерге отырғызуы мүмкін. Sputnik.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтқан. – Бұның бәрі біртіндеп жасалады. Қазір ол жақта кейбір ғимараттар кеңестік заманда салынған. Оны қайта салып шығу мүмкін емес. Ал жаңа ғимаратта міндетті түрде болады, –…
Толығырақ »Елімізде Ә. Жәутіков атындағы математика, физика және информатика пәндері бойынша XVII Халықаралық олимпиадасы өткен. Бұл туралы Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ «Білім-Инновация» лицейінің математика пәнінің мұғалімі Әділет Райысовтың айтуынша, әлемдік пандемияға байланысты онлайн форматында өткен жарысқа Түркия, Греция, Тәжікстан, Ресей, Румыния, Әзірбайжан, Болгария сияқты елдерден 990…
Толығырақ »Қайыршылықпен айналысқан 6 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Атырау қаласы аумағында учаскелік полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарда азаматтарға мазалап тиісу, бал ашу, қайыршылық және өзге де құқықбұзушылықты анықтау, жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мысалы, 7 қаңтар күні Ақ депо ықшамауданында орналасқан №9 мектептің тұсында 52…
Толығырақ »Атырауда қатты желден тұрғын үйлердің шатыры ұшты. Кеше, 13 қаңтарда «Қазгидромет» РМК Атырау облысының кей жерінде аздаған қар жауып, желдің ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жететінін ескерткен еді. Осыған орай Атырау қаласы мен аудандар әкімдігіне дауылды ескертуге байланысты қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат, ұялы байланыс операторлары арқылы халықты смс-хабарландыру жіберілген. –…
Толығырақ »Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін қала және аудан мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн форматта өтуде. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. – Оқушылардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігі үшін, бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0–4 сыныптардағы сабақтар болмайды. Сабақтар онлайн форматта өткізіледі, – деді…
Толығырақ »Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов жұбайымен бірге коронавирустан емделіп жатыр. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, Олжас Сүлейменов пен жары Маргарита Владимировна 5 қаңтардан бастап Алматы қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада емделіп жатыр. Оларға жеңіл дәрежедегі коронавирус диагнозы қойылған. – Науқастар жағдайының жақсаруына байланысты 15 қаңтарда үйде емделуге шығару жоспарланған, –…
Толығырақ »Атырау облысында өткен тәулікте 75 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 46 жұмысшы, Жылыой -7, Индер -2, Құрманғазы ауданынан 5 адам тіркелді. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ, кеше коронавирус инфекциясынан 63 адам емделіп шықты. Қауіпті індет жұқтырғандар санының…
Толығырақ »ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өтіп жатқан Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағыты бекітілді. Бұл туралы amin.kz хабарлады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарламалық баяндамасында жеті бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілетінін жеткізді. Олар – ?ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және…
Толығырақ »Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов заңға жаңа түзетулер енгізген. Ол бұл туралы Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды. Алдағы уақытта студенттердің дуалды жүйесі арқылы білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелетін болады. Бұл түлектердің жұмысқа айтарлықтай тәжірибемен орналасу мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ, бекітілген заңнамаға сәйкес уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы…
Толығырақ »