Атырау облыстық және қалалық мәслихатының депутаттар корпусын «Nur Otan» партиясы тарапынан кімдердің толтыратыны белгілі болды. «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы баспасөз хатшылығының хабарламасына сәйкес, VII шақырылған Атырау облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары бойынша Атырау облысы сайлаушыларының 78,71%-і «Nur Otan» партиясына дауыс берген екен. – Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан…
Толығырақ »2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 47% — ға өсті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Бұған отандық кәсіпорындарда шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюы себеп болды. Мысалы, «Химфарм» АҚ шығаратын өнім көлемін 2 есеге арттырды. Бұдан бөлек, компания соңғы 2 жылда экспорт көлемін 2,5…
Толығырақ »Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгін атыраулық полицейлер Вокзал маңы 3а ықшамауданында орналасқан үйлердің бірінің ауласынан ішімдік ішкен күйде қоғамдық орында жүрген 1989,1987 және 1986 жылғы азаматтарды анықтаған. Ұсталған азаматтардың алкогольдік ішімдік ішкенін медициналық куәландыру сараптамасының нәтижесі дәлелдеді. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама…
Толығырақ »Атырауда кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласқан 51 азамат бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы антикор орталығында өткен брифингіде айтылды. Сондай-ақ, брифингте 1 млрд. теңгеден астам қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылғаны және 11 бизнес субъектісінің құқығы қорғалғаны мәлім етілді. Жалпы өткен жылдың қортындысы бойынша өңірде жемқорлық деңгейі 9 пайызға төмендеген. Оның ішінде, ауыр қылмыс…
Толығырақ »– Бүгін облыстық медициналық жедел-жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансасындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды. Облыстық жедел-жәрдем стансасының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған. – Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға…
Толығырақ »Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды. Министрдің жазуынша, аталмыш жоба мемлекеттің немен айналысатынын және әртүрлі жобалардың қалай іске асырылып жатқанын білу және ашықтығын анықтау мақсатында қолға алынған. «Ашық үкімет» платформасы ашық деректер, ашық НҚА, ашық диалог, ашық бюджеттер, сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметінің…
Толығырақ »14–16 қаңтарда Салеха аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігіне әсер етеді. Салдарынан басым бөлікте ауа температурасы төмендейді. Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтілуде. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын, боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады.
Толығырақ »Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 50% артты. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, әлеуметтік сала мамандарының еңбекақысы бұдан әрі де өсі бермек. Мәселен, 2022 жылы – 25%, 2023 жылы тағы 25% артады. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен алдағы үш жылға 95 млрд. теңге бөлінді. ҚР Үкіметінің…
Толығырақ »Атырау облысында өткен тәулікте 73 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 20-сы Атырау қаласынан, 44 жұмысшы – Теңіз кенішінен, Жылыой – 3, Қызылқоға – 1, Құрманғазы ауданынан 5 адам тіркелген. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде…
Толығырақ »3 қаңтар күні Жылыой ауданы Құлсары қаласының 32 жастағы тұрғыны үйінің ауласында тұрған маркасы «Range Rover» автокөлігінің жоғалғаны туралы 102-ге хабарлаған. Іс бойынша Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторымен жоғалған көліктің бағыты тексеріліп, 31 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Толығырақ »