Облыста аудан әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиындары басталды. Бүгін алғашқы болып Мақат ауданы әкімі Шәкір Кейкин өткен жыл қорытындысы туралы онлайн есеп беруде. – Жалпы аудандық бас дәрігердің мәліметі бойынша, бүгінгі күнге дейін ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 314 жағдайы тіркеліп, оның 307-сі емделіп, бесеуі қайтыс болған. Ал 2 адам…
Толығырақ »2021 жылғы 1 қаңтардан бастап дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды. Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17…
Толығырақ »Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адам Атыраудан табылды. Бәйтерек ауданы Дариян ауылында тұратын 34 жастағы, көз жанарынан екінші топтағы мүгедек Леонид Богомолов үйінен 14 қаңтар күні шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған ер адамды полиция қызметкерлері іздестірген еді. Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімі 14 күннен кейін Л.Богомоловтың кеше Атыраудан…
Толығырақ »Қазақстандықтарды вакцинамен қамтуға бюджеттен 50 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. – Жалпы бюджеттен 10 млн. адамды қазақстандық және басқа да вакцинамен камтуға қаражат бөлінді. Шамамен 50 млрд. теңге, – деді Шоранов сәрсенбідегі брифингте. Оның айтуынша, сол қаражаттың 14 млрд. теңгесі ресейлік вакцинаның үлесіне…
Толығырақ »Атырау облысында кәсіпкерлік нысандарының саны 50 мыңнан асты. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында белгілі болды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаевтың мәліметінше, өткен жылы өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 50 239-ға жеткен. – Былтыр пандемия жағдайына қарамастан өңірде шағын және орта…
Толығырақ »Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төл арнасының филиалы тұңғыш рет Атырау облысында ашылып отыр. Бұл туралы Орталық мешіттің баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, еліміздің руханият саласында айтулы жаңалық орын алып отыр. – Ақпарат саласының маңызына дер кезінде назар аударған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Халық арнасының»…
Толығырақ »Атырау облысында өткен тәулікте 90 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 12-сі Атырау қаласынан тіркелсе, Теңіз кенішінен 69 жұмысшы, Жылыой – 1, Қызылқоға – 1, Қүрманғазы – 3, Исатай мен Мақат ауданынан 2 адамнан тіркелді. Covid-19…
Толығырақ »Атырауда жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында 26–30 қаңтар аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев хабарлады. Іс-шараның тек бір күнінде жолда жүру ережесін бұзудың 458 дерегі анықталды. Оның ішінде белгіленген жылдамдық мөлшерін…
Толығырақ »Өткен жылы облыс бойынша 800 мың шаршы метр тұрғын үй жоспарланып, 836,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаев мәлімдеді. – Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Мақат ауданында – 147%, Индерде –…
Толығырақ »Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 26 қаңтар күні сағат 15:10 шамасында Жұмыскер-2 ықшамауданы, Құлбарақ батыр көшесі тұсында «КамАз» автокөлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргізушінің қоқыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төккені анықталды. Оған қатысты ҚРӘҚБтК-нің 505-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, қысқартылған түрде 29 170 тенге көлемінде айыппұл салынды. Одан басқа, тексеріс кезінде аталған…
Толығырақ »